Жаңалықтар

Қос азаматтығы бар азамат СҚО-дан шығарылды

Қос азаматтығы бар азамат СҚО-дан шығарылды
Фото: polisia.kz 23.02.2023 16:41 773

20 ақпаннан бастап көші-қон қызметінің қызметкерлері “Мигрант” жедел-алдын алу іс-шарасы режимінде жұмыс істеп жатыр, – деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Шараның мақсаты – көші-қон заңнамасын бұзушылықтардың жолын кесу. 3 күн ішінде құқықтық тәртіп сақшылары СҚО-да басқа мемлекеттердің азаматтары тарапынан 45 бұзушылықты анықтады.

Екі жағдайда бұл Қазақстанның визалық режимі белгіленген елдердің тұрғындары болды: Германия және Түрікменстан. Олар рұқсат етілген мерзімді асырып жіберген. Сонымен қатар 38 солтүстікқазақстандық 3 күн ішінде көші-қон қызметіне шетелдіктерді қабылдағаны туралы хабарламағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

– ЖПІШ шеңберінде базарларға, құрылыс нысандарына, ауыл шаруашылықтарына және басқа елдердің тұрғындарының басқа да ықтимал болу және жұмысқа орналасу орындарына тексеру жүргізіліп жатыр. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартудың 5 фактісі анықталды. Сондай-ақ іс-шараны өткізу кезеңінде ҚР-дан сот шешімі бойынша екі шетелдік шығарылды, оның ішінде Тайынша ауданының аумағында болған, қос азаматтығы бар РФ тұрғыны анықталған. Қазақстан Республикасында қос азаматтыққа тыйым салынғанын еске саламыз, – деп хабарлайды СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов. 


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға