Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігіне Үндістан Ұлттық қорғаныс колледжінің тыңдаушылар делегациясы келді

Қорғаныс министрлігіне Үндістан Ұлттық қорғаныс колледжінің тыңдаушылар делегациясы келді
Фото: gov.kz 01.09.2023 06:28 564

Әскери оқу орындарымен және Астана, Алматы қалаларындағы объектілермен танысу сапары Қазақстан мен Үндістан қорғаныс ведомстволары арасындағы әскери ынтымақтастық жоспарына сәйкес ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шетелдік қонақтар әскери білім беру мекемелерінің құрылымымен және қызметімен, Десанттық-шабуылдау әскерлері қызметінің ерекшелігімен, сондай-ақ Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіптік кешені кәсіпорындарының қызметімен танысты.

Үндістан делегациясының мүшелері Ұлттық қорғаныс университетінде, Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтында және Десанттық-шабуылдау әскерлерінің 61993 әскери бөлімінде болды.

Үнді тыңдаушылары Бітімгерлік операциялар орталығының «Бітімгер» оқу орталығында бітімгерлерді даярлау үшін жасалған жағдайларды зерделеді, сондай-ақ «С. М. Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ-ның өндірістік қуатымен танысты.

Үндістан тарапы үшін ҚР Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығы, Стратегиялық даму, Әскери білім және ғылым департаменттері басшылығы брифинг ұйымдастырды.

Сонымен қатар меймандар үшін ҚР Қарулы күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайына, 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябаққа және Астана мен Алматының көрікті жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға