Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігінде Бас штаб бастығының орынбасары тағайындалды

Қорғаныс министрлігінде Бас штаб бастығының орынбасары тағайындалды
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі 12.11.2023 01:36 1210

ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен Жазықбаев Шайх-Хасан ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан армиясында генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев әскери училище курсантынан бастап "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысына дейінгі лауазымдық жолдан өтті. Әр жылдары ол жауынгерлік және бітімгерлік дайындық бойынша жауапты қызметтер атқарды. Ол бірнеше әскери бөлімдердің командирі, штаб бастығы – "Батыс" ӨңҚ әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары болды.

Ол 1999 жылы Пенза жоғары артиллериялық инженерлік училищесін үздік бітіріп, 2013 жылы Ұлттық қорғаныс университетін, 2019 жылы Ресей Федерациясы ҚК Бас штабының Әскери академиясын аяқтаған. 

Ирак Республикасындағы инженерлік-саперлік жасақ құрамында бітімгерлік операцияға қатысып, II дәрежелі "Айбын" орденімен, ведомстволық наградалармен және мерейтойлық медальдармен марапатталды. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға