Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі ұсталған қызметкерге қатысты түсініктеме берді

Қорғаныс министрлігі ұсталған қызметкерге қатысты түсініктеме берді
Фото: egemen.kz 23.01.2023 13:34 776

Қорғаныс министрлігі қамауға алынған бұрынғы қызметкеріне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Еске сала кетсек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері пара алды деген күдікпен ҚР Қорғаныс министрлігінің азаматтық қызметшісін қамауға алды. Ол Ақпараттық технологиялар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарған.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері пара алды деген күдікпен Ақпараттық технологиялар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы ҚР Қорғаныс министрлігінің азаматтық қызметшісі ұсталды. Бұл азамат бұрын қорғаныс ведомствосының құрамынан шығарылған еді», делінген ведомство таратқан хабарламада.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың кез келген фактілерін жою мақсатында Қорғаныс Министрлігі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылда армия ортасында сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп жатыр.

Осыған дейін Қорғаныс министрлігінің департмент басшысының ұсалғандығын туралы жазған болатынбыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға