Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі әскери техниканы Ресейге тасымалдауға қатысты пікір білдірді

Қорғаныс министрлігі әскери техниканы Ресейге тасымалдауға қатысты пікір білдірді
Фото: Ашық дереккөзден 30.07.2023 14:25 436

Еліміздің Қорғаныс министрлігі Ресейге әскери техниканы тасымалдау туралы алыпқашпа әңгімеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстандық әскери техниканы Ресей Федерациясына жөнелтіп жатыр деген мәліметтер шындыққа жанаспайды. Аталған әскери техниканың Қазақстан Республикасына қатысы жоқ, бұл халықаралық уағдаластықтар шеңберінде Қазақстан аумағы арқылы Ресейге жоспарлы жөндеу жүргізу үшін жіберіліп жатқан үшінші елдің меншігі, - деп жазылған министрлік таратқан ақпаратта.

Бұдан бөлек, Қорғаныс министрлігі өткен жылдың 27 тамызынан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынғанын алға тартты. 

Бұл ретте жауапты тарап ел тұрғындарынан тек ресми дереккөздерге ғана назар аударуды сұрап отыр. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға