Жаңалықтар

Қорғаныс министрі ұлының неге әскерге бармағанын түсіндірді

Қорғаныс министрі ұлының неге әскерге бармағанын түсіндірді
Фото: gov.kz 15.11.2023 12:19 1045

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов ұлының неліктен әлі әскерге бармағанының себебін түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министр ұлын өзі жетектеп апаратынын да айтты.

Қазір оның жасы 20-да. Әзірге студент. Жоғары оқу орнын тәмамдаған соң әскерде қызмет етуге қолынан жетектеп өзім апарамын. Бұл оның қасиетті міндеті. Ал қай бағытты таңдайтынын өзі көреді. Арнайы мамандандырылған бөлімшелер немесе барлау қызметіне бейім секілді, - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін депутат Ринат Зайытов әкімдер мен министрлердің балаларын әскерге баруды міндеттеуді ұсынған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға