Жаңалықтар

Қорғаныс министрі казиноға барған әскери қызметшілерге қатысты түсінік берді

Оқиғаға қатысты қызметтік тергеу жүріп жатыр
Қорғаныс министрі казиноға барған әскери қызметшілерге қатысты түсінік берді
Фото: paryz.kz 10.11.2022 14:56 1371

ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов казиноға барға әскери қызметшілерге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды El.kz

«Онда қызметкерлер емес, әскери күштердің қызметшілері бар. Олардың әрқайсысына қатысты қазір қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу амалдарының қорытындысы бойынша бұл әскери қызметшілердің одан әрі қызметті жалғастыруы мүмкіндігіне қатысты шешім қабылдаймын. Сондықтан алдымен тергеу амалдарын толық жүргізіп алайық», - деді Руслан Жақсылықов.

Осы орайда министр аталған әскери қызметшілердің аты-жөні анықталғанын айтты.

«Қызметтік тергеу жүріп жатыр. Бұл - әскерилердің орташа құрамындағы адамдар. Атап айтқанда, олардың арасында жоғары шендегі әскерилер жоқ. Өйткені жоғары офицерлiк құрам лауазымындағыларда казиноға баратын уақыты жоқ, олар үнемі қызметте. Аталған оқиға бойынша біздің әскери қызметшілер ойынға салған қаражат сомасы қомақты емес», - деді ведомство басшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға