Қорғаныс министрі Иран елшісімен кездесті

 gov.kz
Фото: gov.kz

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Иран елшісімен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қорғаныс министрлігінде қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың Иранның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Маджид Самазаде Сабермен хаттамалық кездесуі өтті.

Тараптар әскери білім және ғылым саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Оқи отырыңыз