Жаңалықтар

Қор нарығында доллар үшінші күн қатарынан арзандап жатыр

Қор нарығында доллар үшінші күн қатарынан арзандап жатыр
Фото: © Pixabay.com 26.07.2023 17:06 1031

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы үшінші күн қатарынан арзандап жатыр, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,78 теңгеге төмендеп, 1 доллар 444,29 теңге болды. Айта кетейік, Ұлттық банктің 26 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 445,06 теңге болды.

Оқи отырыңыз:

Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 444 теңге, сатып алу – 447 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 442 теңгеден болса, сатып алу – 446 Алматыда Ресей рублі 4,87 – 4,97 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,83 – 5,03 теңгеден сатылуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға