Жаңалықтар

Қор нарығында доллар қымбаттады

Қор нарығында доллар қымбаттады
Фото: © Pixabay.com 13.07.2023 17:45 776

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,53 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 443, 40 теңге.

Ұлттық банктің 13 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 440,55 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны - 4,87 теңге.

Оқи отырыңыз:

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 444,60 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 446,50 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 444 теңге, сатып алу құны – 448 теңге.

Ресей рублі 4,87 – 5,05 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға