Жаңалықтар

Қор нарығында доллар қайта арзандады

Қор нарығында доллар қайта арзандады
Фото: © Pixabay.com 25.07.2023 16:51 1092

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы түсті, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Күндізгі сауда-саттық мәліметтеріне сүйенсек, доллар бағамы 0,24 теңгеге арзандап, 1 доллар 445,06 теңге болды.

Оқи отырыңыз:

Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 444 теңге, сатып алу – 446,5 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 441,7 теңгеден болса, сатып алу – 445,7 теңге.

Алматыда Ресей рублі 4,85 – 5,05 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,86 – 4,96 теңгеден сатылымда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға