Жаңалықтар

Қор нарығында доллар бағасы тұрақсыз

Қор нарығында доллар бағасы тұрақсыз
Фото: Pixabay.com 09.06.2023 17:00 391

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда нәтижесіне сәйкес, доллар 0,87 теңгеге қымбаттап, 1 АҚШ долларының орташа бағасы 445, 62 теңге болды. Ұлттық банктің 9 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 444, 85 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны - 5,42 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 445 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 448,5теңге. Ал Астана қаласында сату бағасы – 445 теңге, сатып алу – 449 теңге. Ресей рублі 5,29 - 5,53 теңге аралығында ұсынылып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға