Жаңалықтар

Қор нарығында доллар бағасы сәл арзандады

Доллар бағамы 0,45 теңгеге төмендеген
Қор нарығында доллар бағасы сәл арзандады
01.12.2022 15:42 492

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,45 теңгеге төмендеп, 1 доллар 468,45 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 1 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 468, 90 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 467,5 теңге, сатып алу – 471 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 468,5 теңгеден болса, сатып алу – 471, 5.

Ресей рублі 7,35- 7,45 теңге аралығында саудаланып жатыр. ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 1 желтоқсан күні Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 7,70 теңге болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға