Жаңалықтар

Қор нарығында доллар бағамы төмендеді

Қор нарығында доллар бағамы төмендеді
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 29.05.2023 16:45 369

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Күндізгі сауда-саттық мәліметінше, доллар бағамы 1,02 теңгеге төмендеп, 1 доллар 444,45 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 29 мамырдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 445,68 теңге болды.

Kurs.kz хабарлауынша, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 444 теңге, сатып алу – 446,5 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 443,5 теңге болса, сатып алу – 447,5 теңге. Алматыда Ресей рублі 5,45 – 5,6 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,44 – 5,54 теңгеден сатылымда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға