Жаңалықтар

Қор нарығында доллар арзандап жатыр

Қор нарығында доллар арзандап жатыр
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 11.09.2023 18:03 656

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Күндізгі сауда-саттық мәліметтеріне сүйенсек, доллар бағамы 3,05 теңгеге төмендеп, 1 доллардың құны 462,88 теңге болған. Ал, Ұлттық банктің 11 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 466,29 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 462,5 теңге, сатып алу – 465 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 460 теңгеден болса, сатып алу құны – 464. Алматыда Ресей рублі 4,71 – 4,91 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,77 – 4,87 теңгеден сатылуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға