Жаңалықтар

Қор нарығында доллар 8 теңгеге жуық арзандады

Қор нарығында доллар 8 теңгеге жуық арзандады
Фото: © Pixabay.com 21.08.2023 18:00 728

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 7,27 теңгеге төмендеп, 1 доллар 452,34 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 21 тамыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 461,71 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 452,5 теңге, сатып алу – 455,5 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 450 теңгеден болса, сатып алу – 454 Алматыда Ресей рублі 4,77 – 4,97 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,75 – 4,85 теңгеден сатылуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға