Қоқыстан подиумға дейін: Калу Путик әлемді қалай таңғалдырды?

 instagram.com/kaluputics
Фото: instagram.com/kaluputics

Әлемге танымал болу үшін ақша да, атақ та қажет емес. Мұны эфиопиялық жасөспірім Калу Путик дәлелдеді.

Ол небәрі бір жарым айда қоқысқа тасталған ескі аяқ киім, пластик пен жыртық маталардан high fashion стиліндегі ерекше образдар жасап, миллиондаған қаралым жинаған. Қазір 5,6 миллион оқырманы бар Калу Путик әлемдік сән индустриясының назарында.

Калу Путик кім?

Ол 15 жаста. Эфиопияда тұрады. Жасөспірім қоқыс пен ескі заттардан сәнді образдар жасап, миллиондаған адамның назарын аударды. Бүгінде оны «жаңа сән феномені», «интернеттегі ең тосын дизайнер» деп атап жатыр.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Kalu Putik (@kaluputics)

Путиктің ерекшелігі – ол кәдімгі тұрмыстық қалдықтарды high fashion стиліндегі киімге айналдырады. Ескі аяқ киім, жыртық мата, пластик қалдықтары, темір бөлшектер, сымдар, тіпті тасталған автодөңгелектер де оның шығармашылығындағы басты материалдар.

Алғаш көргенде видеолары қымбат сән үйінің жарнамасына ұқсайды. Айқын силуэт, ерекше поза, подиумдағыдай сенімді жүріс кәсіби fashion-түсірілім секілді әсер қалдырады. Бірақ бірнеше секундтан кейін көрермен оның киімі қоқыстан жасалғанын байқап, таңғалады.

Дәл осы тосын эффект Калу Путикті әлеуметтік желінің жаңа жұлдызына айналдырды.

Бірнеше аптада миллиондаған оқырман жинаған

Бес апта бұрын Калу Путикті Instagram-дағы шағын аудиториядан басқа ешкім танымайтын. Ал қазір оның видеолары әлемге тарап кетті.

Алғашында ол образдарын TikTok-та жариялап жүрген. Кейін Instagram парақшасын ашып, санаулы аптаның ішінде 5,6 миллион оқырман жинады.

Ал видеолары 100-300 миллион қаралым жинап жатыр.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Kalu Putik (@kaluputics)

Соңғы күндері fashion-парақшалар Калудың контентін бөлісіп, мем-пабликтер талқылай бастады. Тіпті сәнге қызықпайтын адамдардың өзі оның видеосын соңына дейін қарап шығады.

Себебі Калудың контентін көргендер роликті қайта-қайта қарап, «мына образ қалай жасалды?» деп таңданады. Маркетологтар мұны «replay factor» деп атайды. Яғни видеоны қайта көруге итермелейтін эффект.

Контенті тілге тәуелді емес

Көпшілік Калуның танымалдығын әлемге үнсіз реакция видеоларымен танылған Khaby Lame феноменімен салыстыруда.

Себебі оның контенті тілге тәуелді емес. Онда ұзақ түсіндіру де, орынсыз әзіл де жоқ. Көрермен қай елден болса да, видеодағы идеяны бірден түсінеді.

Бұл қазіргі Reels пен TikTok дәуірінде үлкен артықшылыққа айналды. Өйткені визуалды сторителлинг кез келген тілден жылдам таралады.

Әлемдік брендтердің назарына ілікті

Калу Путикке қазірдің өзінде танымал тұлғалар назар аудара бастаған. Әлеуметтік желіде рэпер A$AP Rocky оған бірге жұмыс істеуді ұсынғаны туралы ақпарат тарады.

Ал пікір жазушылар «Balenciaga оның идеяларын көшіріп алатын шығар» деп әзілдейді. Себебі Калуның кей образдары шынымен де әлемдік сән үйлерінің авангард стилін еске салады.

Көпшілік оны «гений» деп атап, болашақта үлкен брендке айналатынына сенімді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Kalu Putik (@kaluputics)

Калудың ерекшелігі неде?

Бүгінде интернетте контенттің көптігі сондай, адамдарды таңғалдыру күннен күнге қиындаған. Бірақ қолында дипломы жоқ, сән әлемінен алыста жүрген Калу миллиондаған адамды таңқалдыра алды.

Ол тек сән көрсетіп қана қоймай, қоқысқа деген көзқарасты өзгертті. Бұған дейін керексіз саналған заттар оның қолында өнер туындысына айналды.

Бұрын Instagram қымбат брендтер мен мінсіз өмір салтына негізделсе, қазір аудитория ерекше идея мен шынайылықты көбірек бағалайды. DIY-стиль, экосән және эксперименталды образдар сән әлемінде жаңа трендке айналып келеді.

Авторы: Көктем Қарқын

Оқи отырыңыз