Жаңалықтар

Қонаевтың өмірі туралы жаңа кітап жарық көрді

Жаңа жинаққа бұрын жарияланбаған архив құжаттары мен қолжазбалар, естеліктер енген
Қонаевтың өмірі туралы жаңа кітап жарық көрді
Фото: facebook.com 16.11.2022 01:39 2299

Алматыда Дінмұхамед Қонаевтың өмір және еңбек шежіресі жөнінде кітабы жарыққа шықты, деп хабарлайды El.kz.

Жаңа жинаққа бұрын жарияланбаған архив құжаттары мен қолжазбалар, естеліктер кірген. Туынды Қонаевтың  экономиканы, ғылым мен мәдениетті ілгерілетуге қосқан үлесін баяндайды. Жинақты құрастырушы филология ғылымдарының кандидаты Диар Қонаев барлық материалдардың хронологиясы сақталғандығын айтады. Бұл кітапта 1912 -1945 жылдар аралығын қамтылған.

"Кітап шығару туралы осыдан 4 жыл бұрын ойлана бастадым. Кітап болғанда Дінмұхамед Ахметұлының туғаннан бастап, өмірден озғанға дейінгі өмірі мен еңбек жолын қамтығым келді. Міне, бірінші жинақ көпшікке жол тартты. Онда Балқаш пен Риддерде қалай жұмыс істегені, басшылық қызметке тағайындалуына қатысты және ел экономикасын дамытуға байланысты қызықты мәліметтер бар. Бұған қатысты құжаттар өте көп. Әлі 4 томға жетеді", - дейді филология ғылымдарының кандидаты Диар Қонаев.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға