Жаңалықтар

Қонаевта отпен ойнаған балалар өртке себепкер болды

Қонаевта отпен ойнаған балалар өртке себепкер болды
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі 13.02.2024 08:31 503

Қонаев қаласында 4 қабатты көппәтерлі үйде пәтерден балалардың оттықпен ойнауынан өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға орнына дереу Алматы облысы ТЖД қызметкерлері жіберілген. Өрт орнына келгеннен кейін кір жуғыш машина мен ас үйдің қабырғасындағы түсқағаздың, сондай-ақ жатын бөлмедегі кереуеттің жалпы ауданы 3 шаршы метр аумақта жанғаны анықталды.
Алдын ала ақпарат бойынша, балалардың отпен ойнауы өртке себеп болған.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт сағат 18:35-те сөндірілді. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін жедел жәрдем қызметкерлері 2019 және 2014 жылы туған екі баланы Қонаев қаласының ауруханасына жеткізді. Сондай-ақ, 19 адам, оның ішінде 8 бала өз бетінше эвакуацияланды.

Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД 7 қызметкері мен 2 бірлік техникасы, жедел медициналық жәрдем қызметінің 6 қызметкері және 2 бірлік техникасы, Полиция департентінің 7 қызметкері және 2 бірлік техникасы шықты.

Алматы облысының ТЖД тұрмыстық өрт қауіпсіздігі шараларын сақтаудың маңыздылығын еске салады және балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауды еске салады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға