Жаңалықтар

Қонаевта медициналық-санитариялық алғашқы көмектің орталығы ашылды

Қонаевта медициналық-санитариялық алғашқы көмектің орталығы ашылды
Фото: gov.kz 21.12.2023 04:31 502

Қонаев қаласының көпбейінді ауруханасында  медициналық-санитариялық алғашқы көмектің үздік практикасы орталығы (МСАК) ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Орталықтың жұмысы халыққа медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға бағытталатын болады.

Бүгін Алматы облысында осындай екінші орталық ашылуда. Енді науқастардың әлеуметтік жағдайына да ерекше назар аударылатын болады. Өйткені, озық практика орталығының жұмысы отбасылық медицинаға негізделген. Орталықта біздің азаматтарға кешенді медициналық, әлеуметтік, психологиялық көмек көрсетіледі, - деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев.

Өз кезегінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева қазіргі уақытта алғашқы көмек көрсету қағидаттары айтарлықтай өзгергенін атап өтті.

Оның айтуынша, отбасылық дәрігерлер әр саладағы медицина қызметкерін алмастыратын уақыт келеді, аурудың профилактикасы қызметтерінің саны артады. Өкінішке орай, жылдан жылға зорлық-зомбылыққа ұшыраған аналар мен балалардың саны артып келеді. Сондықтан біздің қоғамдағы әлеуметтік қызметкерлердің рөлі өте маңызды, психикалық денсаулық бірінші орынға шығады.

Жалпы, жаңа мекемеде 13 жоба іске асырылды. Олардың екеуі медицина қызметкерлерінің қызметіне бағытталған, қалғандары халықпен, пациенттермен жұмыс істеуге негізделген. Оның ішінде "Халық кеңесі" жобасы да бар. Осы жобаның шеңберінде медицина қызметкерлері келіп түскен шағымдар мен ұсыныстар бойынша халықпен кері байланыс орнататын болады.

Содан кейін Қазақстанда озық практика орталығының әдіснамасын енгізген профессор, "Primary Health Care" ҚР Ұлттық  медициналық алғашқы көмек қауымдастығының президенті Төлебай Ракыпбеков Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл жобаны Еуропаның 53 елінде әлемдегі алғашқы демонстрациялық платформа ретінде ұсынғанын атап өтті. Еліміздегі алғашқы осындай орталық Еңбекшіқазақ ауданында ашылды, жақын болашақта осындай орталық Кеген ауданында да пайда болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға