Жаңалықтар

Қолайсыз метеожағдай кезінде не істеу керек?

Қолайсыз метеожағдай кезінде не істеу керек?
Фото: © Pixabay.com 21.05.2023 02:36 784

21 мамырда еліміздің бірнеше қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, Өскемен, Риддер, Атырау мен Ақтауда атмосфера қолайсыз болады.

Синоптиктер мұндай жағдайда аталған қалаларда атмосфераға ластайтын заттар көп жиналуы ықтимал деп отыр.

Жағымсыз метеожағдай кезінде кеңес беріледі:

Ашық ауада, әсіресе автожолдар мен ластанудың өзге де көздерінде болу уақытын қысқарту;

Балалар мен жүкті әйелдер ұзақ серуендеуден бас тарту;

Созылмалы өкпе, жүрек-қантамыр, аллергиялық аурулары бар адамдарға ашық аспан астында жүргенде қажетті дәрілік заттарын өздерімен бірге алып жүру;

Ашық ауада физикалық жүктемені шектеу. Спортпен жабық спорт кешендерінде айналысқан абзал.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға