Жаңалықтар

Қоғамдық штабтарда 5 мыңнан астам адам консультация алды

Қоғамдық штабтарда 5 мыңнан астам адам консультация алды
Фото: ОҚК 19.04.2024 16:16 346

Солтүстік Қазақстан облысының қоғамдық штаб мүшелері күн сайын эвакуациялау пункттерінде су тасқынынан зардап шеккендермен кездеседі, өтемақы алу тетігін түсіндіреді, қажет құжаттар топтамасын жинауға көмек көрсетеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

СҚО бойынша қоғамдық штаб мүшесі Айгүл Мұратова ОКҚ алаңында өткен брифингте екінші деңгейдегі банктер мен Жұмыспен қамту орталықтарына жүгіну үшін деректемелер ұсына отырып, банкке бармай-ақ, сол жерде шоттар ашу туралы уағдаластыққа қол жеткізілгенін айтты.

Сондай-ақ қоғамдық штаб мүшелері гуманитарлық көмек жинау пункттерінің жұмысын үйлестіреді, жеткізілген көмекті сұрыптау бойынша өтінімдерді, жинақтауды, есепке алуды қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастырады, сондай-ақ эвакуацияланғандардың орналасқан жерлеріне қажетті көмекті жеткізу бойынша жұмыстарды жолға қояды.

Қазіргі уақытта 90 кездесу өткізіліп, 5500-ден астам адам кеңес алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға