Жаңалықтар

Қоғамдық орындарда балағат сөз айтқандар айыппұл төлейді

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлім етті
Қоғамдық орындарда балағат сөз айтқандар айыппұл төлейді
Фото: 7kun.kz 09.01.2023 15:48 2354

Қоғамдық жерде боқтағандар 69 мың теңге айыппұл төлейді немесе 30 тәулікке қамауға алынады. Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті бастығының орынбасары Азамат Құрымбаев ұсақ бұзақылық үшін жаза күшейтілгенін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазіргі кезде мұндай құқықбұзушылық үшін соттың шешімімен 5 АЕК (17 250 теңге) көлеміндегі айыппұл немесе 15 тәулікке қамауға алу жазасы қолданылады. Ал жаңа редакция бойынша айыппұл 20 АЕК (69 000 теңге) болады, - деді Азамат Құрымбаев.

Ал қамауға алу мерзімі 5 тәуліктен 30 тәулікке дейін көбеймек. Оның айтуынша, түзетулер алғаш ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң, яғни 2023 жылдың наурыз айының басынан бастап күшіне енеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға