Жаңалықтар

Қоғамдық көлікпен кімдер тегін жүре алатыны белгілі болды

Қоғамдық көлікпен кімдер тегін жүре алатыны белгілі болды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 29.02.2024 14:00 1612

Көкшетау қаласы әкімдігінің қаулысы мен қалалық мәслихат шешімімен қоғамдық көлікпен тегін жүре алатын адамдардың тізіміне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Осыған сәйкес, кей санаттар алынып тасталса, олардың орнына жаңа санаттар қосылған. 

Жаңа тізім бойынша Көкшетауда келесі санаттарға жататын азаматтар қоғамдық көлікпен тегін жүре алады: 

- ҰОС ардагерлері;

- ҰОС қайтыс болған мүгедегінің жұбайы, сондай-ақ екiншi рет некеге тұрмаған ҰОС қайтыс болған қатысушысының жұбайы;

- ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар;

- Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындар;

- төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар аналар;

- I топтағы мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдарға және ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен тағайындалған қамқоршылар және еріп жүретін адамдар;

- көп балалы аз қамтылған отбасылардан шыққан мектеп жасындағы балалар;

- 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар, сондай-ақ бала күтімін жүзеге асыратын адамдар;

- Көкшетау қаласының құрметті азаматтары;

- басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

- 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдар;

- мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын саяси қуғын-сүргіндер құрбандары, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккендер;

- I және II топтағы көру қабілеті бойынша мүгедекті бар адамдар, сондай-ақ сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдарға және ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен тағайындалған қамқоршылар және еріп жүретін адамдар;

- Социалистік Еңбек Ерлері және "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдар;

- есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдар.

Бұл азаматтарға Көкшетау қаласында тіркелген жері бар дербестендірілген жеңілдікті карталар ұсынылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға