Жаңалықтар

Қоғамдық байқаушылар коалициясы 9790 учаскеде мониторинг жүргізді

Қоғамдық байқаушылар коалициясы 9790 учаскеде мониторинг жүргізді
Фото: El.kz 20.03.2023 16:03 712

11 ақпанда «Дауыс» ҚБК сайлауды байқауға қатысу, сайлау процесіне белсенді қатысу және Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауын объективті бақылау ниеті туралы мәлімдеме жасады. Байқаушылардың жұмысын Қазақстанның барлық облыстарынан аймақтық штаб басшылары кірген «Дауыс» ҚБК Республикалық байқаушылар штабы үйлестіреді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Дауыс» ҚБК бастамалары басқа да қоғамдық ұйымдар тарапынан қолдау тапты. Ал биылғы сайлау науқанында «Дауыс» ҚБК байқаушыларды оқыту мен дайындауға көмектесетін 162 ҮЕҰ әріптестікте жұмыс істеуде.

Бақылаушылар пулын қалыптастыру нәтижелері бойынша «ДАУЫС» ҚБК оқыту іс-шараларының сериясын бастады. Өңірлерде барлығы 682 тренинг пен семинар өткізіліп, 18 мыңнан астам байқаушы қамтылды.

Оқыту процесінде сайлау заңнамасының негіздеріне ерекше көңіл бөлінді. Дәріскерлер байқаушылардың құқықтары мен міндеттерімен қатар, сайлау учаскелерінде туындайтын заңбұзушылықтарды есепке алу және даулы мәселелерді шешу жолдарын түсіндірді. Жұмыстың басталғаны туралы ресми хабарланғаннан бері анықталған бұзушылықтар туралы азаматтардың хабарламалары бойынша анықтама алу үшін +7 700 248 87 55 «шұғыл желі» іске қосылғаны туралы хабарланды.

Сайлау күні, 19 наурызда таңғы сағат 6:00-де Қоғамдық байқаушылар коалициясы 9790 ашық сайлау учаскесінде мониторингті бастады. Таңертеңнен бастап Коалицияның ситуациялық орталығына сайлау учаскелеріндегі тыныш және қолайлы ахуал туралы ақпарат келіп түсті. Сайлау учаскелеріне келгеннен кейін байқаушылар сайлаушыларға арналған ақпараттық стендтердің рәсімделуін тексерді, сайлау жәшіктерінің пломбалануын бақылады. Сайлау комиссиясы мүшелерінің жұмысы әдеттегі режимде жалғасты. Жалпы, бүгін біз сайлаудың заңды, әділ, айтарлықтай заңбұзушылықтарсыз өткенін мәлімдейміз. Учаскелерде 15-ке жуық заңбұзушылық фактісі тіркелді. Мәселен, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды ​​облыстарындағы сайлау учаскелерінде отбасы мүшелерінің орнына дауыс беру әрекеттері орын алған, - делінген «Дауыс» ҚБК ақпаратында.

Алматы, Ақтөбе, Қарағанды ​​облыстарында бір сайлаушыға екі бюллетень берілген жағдайлар тіркелген. Дауыс берушілердің екі-екіден кабинаға кіруі тіркелді. Сондай-ақ, біздің байқаушылар бюллетеньдерге сайлау комиссиясы мүшелерінің алдын ала қол қойғанын тіркеді.

Барлық фактілер бойынша тиісті актілер жазылған. Осылайша, барлық бұзушылықтар дер кезінде жойылғанын және жалпы алғанда сайлаудың заңдылығы мен ашықтығына ықпал етпегенін атап өткен жөн. Дауыстарды санау процесі де бақылаушылар тарапынан шағым тудырған жоқ. Байқаушылар сайлау процесінің соңына дейін болды. Бақылаудың басты мақсаты заңның сақталуын, ашықтық пен объективтілікті бақылау болғанымен, біздің байқаушылар тарапынан айтылған бірқатар ескертулер кейбір қоғамдық ұйымдардың бақылаушыларының сайлау учаскелеріндегі орынсыз жүріс-тұрысына қатысты. Мұндай іс-әрекеттердің көптеген фактілері сайлау процесін реттейтін заңнама нормаларын, оның ішінде байқау мәселелерін жеткіліксіз білу деңгейімен байланысты, - делінген «Дауыс» ҚБК ақпаратында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға