Жаңалықтар

Qnet-ті құрып, 63 млн залал келтірген азаматқа іздеу салынды

Qnet-ті құрып, 63 млн залал келтірген азаматқа іздеу салынды
Фото: Қаржылық мониторинг агенттігі 01.03.2024 12:36 4136

Қызылордада Qnet қаржы пирамидасын құрған азаматқа іздеу жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен 2019-2022 жылдары Қызылорда қаласы мен Қызылорда облысының аумағында Qnet қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша 11.10.1990 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматы Жұбанаев Алмас Оразалыұлы іздеуге жарияланады.

Бұлтартпау шарасы «Қамауда ұстау» , іздеу түрі – «Халықаралық».

Жұбанаев Алмас Оразалыұлы заңсыз қызметін жүзеге асыру барысында «Instagram» әлеуметтік желісін пайдалану арқылы Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларынан адамдарды тартып, тренингтер және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген, - делінген ақпаратта.

Жәбірленушілердің жалпы саны 59 адам, келтірілген залал сомасы 63 373 356 теңгені құрайды.

Егер сіз іздеуде жүрген адамның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпаратты білсеңіз, төмендегі телефондар арқылы хабарлауыңызды сұраймыз:
8-775-125-55-54
8-701-527-10-45

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға