Жаңалықтар

ҚМДБ Палестинаны қолдайды

ҚМДБ Палестинаны қолдайды
Фото: muftyat.kz 20.10.2023 16:30 1408

ҚМДБ Палестинаны қолдайтындығын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚМДБ болып жатқан жағдайдың бейбіт жолмен шешілуін қалайды.

“ҚМДБ Ислам дініндегі қасиетті үшінші мекен саналатын Құдыс жерінде болып жатқан қантөгіске қатты алаңдаушылық білдіреді. Адамзат баласын бірлік пен игілікке шақырған пайғамбарлар ізі қалған қасиетті мекеннің бүгінде соғыс алаңына айналып, мыңдаған бейкүнә жандардың, әсіресе сәбилер мен бейбіт тұрғындардың оққа ұшып, қаза табуы баршамыздың жанымызға қатты батуда. Ауыр жарақат алып, үрей құшағында өмір сүріп отырған жандардың тез сауығып кетуін тілейміз”, – деді діни басқармадан.

Олар қантөгісті тоқтатып, халыққа залал келтірмеуді сұрады. ҚМДБ ресми Палестинаны қолдайтынын мәлімдеді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тараптарды бейбіт келісімге келуге және қантөгісті шұғыл тоқтатып, халыққа зарар келтірмеуге үндейді. Сондай-ақ, Палестина халқының халықаралық келісімдер мен резолюцияларда бекітілген тарихи құқығын қолдайтындығын мәлімдейміз, - делінген ҚМДБ-ның ресми хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға