Жаңалықтар

QJ League жаңа маусымын игі істерден бастайды

QJ League жаңа маусымын игі істерден бастайды
Фото: Freedom QJ League 18.04.2024 11:02 340

Freedom QJ League жастар біріншілігі жаңа маусымды игі істерден бастайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Лига президенті Рохус Шохтың сөзінше, жаңа маусымның шымылдығын ашатын «Тараз» – «Астана» жастары арасындағы матчтан түсетін қаражат толығымен қайырымдылыққа жұмсалады.

Қазір еліміз басынан қиын кезеңді өткеріп жатыр. Қазақстанның көп аймағы су тасқынан зардап шегуде. Freedom QJ League отандастарымызды қолдау мақсатында ашылу салтанаты мен алғашқы ойыннан түсетін қаражатты толықтай су тасқынынан зардап шеккендерге көмек қорына жібереді, - деді Р.Шох.

Оған қоса, маусымның ашылу салтанатында өнер көрсететін хедлайнерлер Kalifarniya мен Домино жарналарының жартысын қайырымдылыққа жіберетінін айтты.

Айта кетейік, Freedom QJ League жастар біріншілігі жаңа маусымының алғашқы ойыны 20 сәуір күні Тараз қаласындағы «Орталық стадионда» өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға