Жаңалықтар

Қиын-қыстау кезде қолдау көрсеткен Қазақстан халқына алғыс білдіремін – түркиялық әнші

Қиын-қыстау кезде қолдау көрсеткен Қазақстан халқына алғыс білдіремін – түркиялық әнші
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 21.06.2023 10:23 1187

Елордада өтіп жатқан халықаралық волонтерлер форумының екінші күні басталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Іс-шара Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтіп жатыр.

Түркиялық өнерпаз Халук Левент форумда сөз алып, әншіліктен волонтерлікке қалай келгенін айтты.

Көмекке зәру адамдарға қол созу үшін не істеуіміз керек? Кейінгі 7 жылда біз еріктілерден тұратын үлкен іс-шараны ұйымдастырдық. Су тасқыны немесе табиғи апаттар болған кезде көмекке зәру адамдарға көмектесудеміз. Біз адамдар қиын жағдайда қалғанда қол ұшын созудамыз. Жер сілкінісі кезінде біз апаттан қирап қалған жерге барып, 15 мектептің үйінділерін жинадық, - дейді әнші.

Сондай-ақ ол қазіргі кезеңде апаттан қираған үйлерді тұрғызып жатқанын атап өтті.

Мүгедек балалары бар отбасыларға және 2 мыңдай үйді әлем елдерінен түскен қаржыға салған болатынбыз. Қазақстан халқына, Президентіне қиын-қыстау кезде қолдау көрсеткені үшін алғысымды білдіремін, - деді түркиялық өнерпаз «AHBAP» Ассоциациясының» президенті Халук Левент.

Айта кетейік, әнші 2017 жылы «AHBAP» үкіметтік емес ұйымын құрды. 2023 жылға қарай Түркияның 68 қаласында жұмысын жалғастырды. Ақпан айындағы Түркиядағы зілзала кезінде «AHBAP» ҮЕҰ зардап шеккендерге көмек беруі түрік халықының арасында оның танымалдығының артуына себеп болды. Өнерпаз аз уақыт ішінде рекордтық 50 млн еуро қаржы жинап, волонтерлерді төтенше жағдай болған аймаққа баруға бар күшін жұмылдырды.

2023 жылы Левент Time журналының «Әлемдегі ең ықпалды 100 адам» тізіміне енді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға