Жаңалықтар

ҚХЛ: «Барыс» «Динамодан» жеңіліп қалды

ҚХЛ: «Барыс» «Динамодан» жеңіліп қалды
Фото: El.kz/Артем Чурсинов 27.10.2023 23:16 635

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Беларусьтің «Динамо» (Минск) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында командалар алғашқы екі кезеңде бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ.

Дегенмен елордалық хоккейшілер тарапынан жиі тәртіп бұзу тіркеліп, олар үш мәрте айдыннан қуылды.

Беларусь хоккейшілері бір мәрте тәртіп бұзды.

Үшінші кезеңде де ойын барысында қос команда шабуылға жиі көңіл бөлді.

Ойынның 53-минутында «Динамо» сапынан Александр Волков есеп ашса, 58-минутында қазақстандық Әділ Бекетаев таразы басын теңестірді.

Негізгі кезеңі 1:1 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты.

Овертаймда минскілік клубтан Вадим Мороз жеңіс шайбасын соғып кетті.

Осылайша, «Барыс» қарсыласына 1:2 есебімен жол берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға