Жаңалықтар

ҚХА мен «Қазақ тілі» қоғамы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

ҚХА мен «Қазақ тілі» қоғамы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 20.02.2024 16:12 455

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қазақ тілі» Халықаралық қоғамы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Басқосуда алғаш болып ҚХА Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов өзінің кіріспе сөзін сөйледі.

ҚХА мен «Қазақ тілі» қоғамы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ

Мемлекеттік тіл мен егемендік егіз ұғым екенін, ал тіл ұлттық сананың өзегі екенін білесіздер. Барлық жұмысымда осы қағиданы ұстанамын. «Тілі бірдің – тілегі бір»,  «Тіл тағдыры – ел тағдыры». Біріншіден, әрбір қазақстандық орта мектепті бітірген соң мемлекеттік тілді толық меңгеруі тиіс. Екіншіден, қысқа мерзімде қазақ тілін үйренуге жағдай жасаймыз. Осыған орай, Ассамблея еліміздің мемлекеттік тілін оқып-үйренуіне және этностардың өз тілін үйренуіне қолайлы жағдай жасау бағытында жұмыс атқаруда, – деп атап өтті  Марат Әзілханов.

ҚХА мен «Қазақ тілі» қоғамы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ

Парламент Мәжілісінің депутаты Наталья Дементьеваның айтуынша, тіл – кез келген елдің тәуелсіздігін, егемендігін қамтамасыз ететін құрал.

ҚХА мен «Қазақ тілі» қоғамы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ

Тіл арқылы халық дамиды, тіл болмаса, ел болмайды. Сөзсіз 15-20 жыл бұрын қазақ тілінде сөйлейтін біз сияқты өзге этнос өкілдері саусақпен санарлықтай болған еді. Күннен күнге, жылдан жылға өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне деген сүйіспеншілігі артып келеді. Біз үшін бұл өте қуанарлық жағдай деп ойлаймын, – деді депутат.

Сондай-ақ іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Жүсіп Нұртөре, Геннадий Шиповских, «Қазақ тілі» Халықаралық қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы және сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында қоғамдағы мемлекеттік тілдің рөлін күшейтудің өзекті мәселелері қаралды. Мемлекеттік тілді меңгеру, бірлескен диалог алаңдарын және басқа да іс-шаралар нысандарын ұйымдастыру арқылы бірлік құндылықтарын сіңіруге бағытталған бірлескен ақпараттық жобаларды іске асыру жөніндегі қызмет бағыттары айқындалды.

ҚХА мен «Қазақ тілі» қоғамы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ

Шараның соңында ҚХА мен «Қазақ тілі» Халықаралық қоғамы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға