Жаңалықтар

ҚазҰОБТ директоры тағайындалды

ҚазҰОБТ директоры тағайындалды
Фото: жеке мұрағат 13.02.2024 15:26 635

Абай атындағы ұлттық опера және балет театрының директоры болып Айнұр Сайлаубайқызы Көпбасарова тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2022 тамызынан бері «Түркістан музыкалық драма театры» МКҚК (көркемдік жетекші) қызметін атқарған.

Осы аралықта театрда «Бөрте» тарихи-драмалық спектаклінің, «Фариза» драмалық спектаклінің, «Махаббат мұнарасы» лирикалық драмасының, «Қорқыт туралы аңыз» спектаклінің көркемдік жетекшісі болды.

Еңбек жолында «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Тəуелсіздігіне 30 жыл» төсбелгісімен, «ҚР мəдениет саласының үздігі» медалімен, «Құрмет» грамотасымен және ҚР Президентінің «Алғыс хатымен» марапатталған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға