Жаңалықтар

ҚазТрансОйл Баку бағытындағы мұнай экспортын 75% арттырды

ҚазТрансОйл Баку бағытындағы мұнай экспортын 75% арттырды
Фото: © Pixabay.com 11.05.2023 08:20 692

Сәуірде Қазақстан мұнайын Ақтау портынан экспортқа тасымалдау көлемі 2023 жылдың наурыз айымен салыстырғанда 60,5 тоннаға немесе 24%-ға өсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Осылайша жалпы көлем - 312,6 мың тоннаны құрады, оның ішінде Теңіз кен орнынан 115 мың тонна, 19,2 мың тонна Доңға кен орнынан және 178,3 мың тонна Бозашы түбегінің кен орындарынан жөнелтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Самұрық-Қазына» қоры баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан мұнайын Ақтау портынан экспортқа тасымалдау көлемінің өсуі Баку порты бағытында жөнелтілетін шикізат көлемінің 2023 жылдың наурызымен салыстырғанда 87 мың тоннадан 152,4 мың тоннаға немесе 75% ұлғаюы есебінен болды.

Сонымен қатар, есепті кезеңде Ақтау портынан Махачкала порты бағытында 160,2 мың тонна мұнай жөнелтілд.

2022 жылы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Транскаспий дәлізі бойынша мұнай тасымалдау көлемін арттыруды тапсырды.

Осы тапсырмаға сәйкес «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Әзербайжан Республикасының SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясы Теңіз кенішінен «Баку-Тбилиси-Джейхан» мұнай құбыры бағыты бойынша жылына 1,5 млн тонна мұнай тасымалдауды көздейтін келісімге қол қойды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға