Жаңалықтар

«ҚазТрансГаз Аймақтың» бұрынғы топ-менеджеріне іздеу жарияланды

«ҚазТрансГаз Аймақтың» бұрынғы топ-менеджеріне іздеу жарияланды
Фото: qamqor.gov.kz 23.08.2023 17:49 866

Қаржылық мониторинг агенттігі «ҚазТрансГаз Аймақтың» бұрынғы топ-менеджері Руслан Сағымбековке іздеу жариялады,

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ басқармасының бұрынғы мүшесін іздеуді Алматы прокуратурасы ұйымдастырды. Іс 20 шілдеде тіркелген. Сағымбековті іздеу жұмыстары ҚМА-ның Алматы қалалық департаментіне жүктелген.

Сағымбеков Руслан Бекболатұлы. Іздеуде жүргеніне 34 күн, - делінген құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталының сайтында.

Ашық дереккөздердегі мәлімет бойынша, Руслан Сағымбеков 1986 жылы дүниеге келген. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Мансабын Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы қалалық департаментінде бас маман болып бастаған (2009-2010 жылдар). Сонан соң «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ға ауысып, 2010 жылы Инвестициялық саясат департаментінің бас менеджері болды, көп ұзамай осы департаментті басқарды.

2014 жылы «ҚазТрансГаз Аймақ» басқарушы директоры болып тағайындалды, ал 2016 жылы «ҚазТрансГаз Аймақ» бас директорының кеңесшісі және басқарма мүшесі болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға