Жаңалықтар

«Қазпоштаға» жаңа басшы тағайындалды

11.06.2025 11:19 1054
«Қазпоштаға» жаңа басшы тағайындалды

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы болып Бекежан Жәкеев тағайындалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұған дейін ол «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Жалпы жұмыс өтілі – 22 жыл.

Айта кетейік, «Қазпоштаның» бұған дейінгі басшысы Әсел Жанасова 8 маусым күні президент кеңесшісі лауазымына тағайындалған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға