Жаңалықтар

«ҚазМұнайГаздың» Түркияның «Галатасарай» футбол клубымен келісімшартқа отырғаны рас па?

«ҚазМұнайГаздың» Түркияның «Галатасарай» футбол клубымен келісімшартқа отырғаны рас па?
Фото: instagram.com/galatasaray 29.06.2023 13:00 454

«ҚазМұнайГаз» Түркияның «Галатасарай» футбол клубымен келісімшартқа отырғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«ҚазМұнайГаз» АҚ (ҚМГ) әлеуметтік желіде «ҚМГ Ыстамбұлдың «Галатасарай» футбол клубымен келісімшартқа отырды» деген ақпараттың тарауына байланысты бұл мәлімет шындыққа жанаспайтынын хабарлайды, - делінген мәліметте.

Бұған дейін жәлілерде «ҚазМұнайГаз» «Галатасараймен» жылына 7,5 млн долларлық келісімшартқа қол қойғаны туралы мәлімет тараған. Тіпті ол келісімнің бес жылға есептелгені де айтылған.

«Галатасарай» – Түркия Суперлигасының қазіргі жеңімпазы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға