Жаңалықтар

«ҚазМұнайГаз» акцияларына 128 мыңнан астам өтініш берген

Компанияның бір акциясы 8 406 теңгеден сатылды
«ҚазМұнайГаз» акцияларына 128 мыңнан астам өтініш берген
Фото: naryk.kz 06.12.2022 13:31 879
 
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының IPO қорытындысы туралы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, кеше директорлар кеңесі мен Үкімет ҚазМұнайГаз акцияларын иеліктен шығару туралы соңғы шешімдерді қабылдады.

«Өтінімдерді қабылдау 9 қараша мен 2 желтоқсан аралығында жүргізілді. Қазақстан азаматтарының өтініштерін қанағаттандыруға басымдық берілді. Біздің азаматтардан түскен өтініштердің жалпы саны 128,7 мыңды құрады. Жалпы сома 74,6 млрд теңгені құрады», деді А.Сәтқалиев үкімет отырысында.

Ол сондай-ақ Қор келесі портфельдік компаниялардың бірқатарын IPO/SPO-ға шығаруды жоспарлап отырғанын айтты:

- 2023-2024 жылдары - Эйр Астана, KEGOC, «Самұрық-Энерго» жасыл активтер портфелі;

- 2024-2025 жылдары - ҚазақГаз;

– 2025 жылы – «Қазақстан темір жолы».

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға