Жаңалықтар

Қазгидромет: Жауын-шашын тоқтап, күн ысиды

Қазгидромет: Жауын-шашын тоқтап, күн ысиды
Фото: ОКҚ 18.04.2024 11:37 298

Республика аумағының көп бөлігі кең антициклонның ықпалында болады және жауын-шашынның тоқтауы, күндізгі ауа температурасының жоғарылауы күтіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тек қиыр солтүстікте, шығыс аймақтарда және оңтүстік-шығыстың тауларында атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Қазақстан бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болжанады, күндізгі уақытта найзағай күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді.

Термометрлердің бағандары түнде температураның ауытқуын көрсетеді, ал күндіз батыста, оңтүстікте температура 30 градусқа дейін, еліміздің солтүстігінде 25 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 23-29 градусқа дейін көтеріледі деп күтіледі, - деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова ОКҚ алаңында өткен брифингте.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға