Жаңалықтар

Қазгидромет: Бірқатар өңірде күн райы бұзылады

Соған байланысты жеті өңірде ескерту жарияланды
Қазгидромет: Бірқатар өңірде күн райы бұзылады
Фото: qazaqstan.tv 04.12.2022 08:37 2205

4 желтоқсан күні елдің бірқатар өңірінде ауа райы бұзылады, деп хабарлайды El.kz «Қазгидромет»-ке сілтеме жасап.

4 желтоқсан түнде Маңғыстау облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 15-20 градус қатты аяз болады.

4 желтоқсан күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің қарқыны күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с шамасында болады.

4 желтоқсанда Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталағында жаяу бұрқасын көтеріледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с дейін күшейеді.

4 желтоқсан түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі.

4 желтоқсанда Жетісу облысының Жалаңашкөл ауданы аймағында оңтүстік-шығыс желінің қарқыны 25 м/с жетеді.

4 желтоқсанда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз тау асуларында желдің күші -15-20 м/с.

Шымкент қаласында түнде және таңертең тұман түседі деп күтілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға