Жаңалықтар

Қазгидромет бірқатар өңірде ескерту жариялады

Жеті аймақта күн райы бұзылады деп болжануда
Қазгидромет бірқатар өңірде ескерту жариялады
Фото: kazgazeta.kz 25.01.2023 08:38 696

Ауа райының бұзылуына байланысты елдің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

25 қаңтарда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтілуде. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында жел екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.

25 қаңтарда Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

25-27 қаңтарда Түркістан облысыныңоңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман болады.

Шымкент қаласында 25-27 қаңтарда түнде және таңертең тұман түседі.

25 қаңтар күндіз Қостанай облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын көтеріледі. Облыстың оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында жел қарқыны - 15-20 м/с.

25 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

25 қаңтарда Павлодар облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын тұрады. Батыстан жел соғады, облыстың батысында желдің күші – 15-20 м/с-қа жетуі мүмкін.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға