Қазгидромет 3 желтоқсандағы ауа райына болжам жасады
Бірқатар қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін
Фото: ecounion.kz
Фото: ecounion.kz
03.12.2022 08:08
495
Кейбір қалаларда қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды El.kz «Қазгидромет»-ке сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, кей қалаларындағы ауа сапасы күрт нашарлайды.
3 желтоқсанда Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Көкшетау және Риддер (2 дәрежелі), Семей (2 дәрежелі), Өскемен (2 дәрежелі) қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болуы ықтимал.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия сынды қысқамерзімді метеофакторлар жиынтығы.
Соның салдары елдімекендерде атмосфералық ауа сапасына әсер етеді.

Алдыңғы жаңалық
Елордада жүргізушісі жоқ көлік аялдамаға соғылды
Келесі жаңалық
Халық тарапынан шетел валютасына сұраныс артты