Жаңалықтар

Қазгидромет: 3 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Бірқатар облыста бұрқасын соғып, таулы аймақтарда тұман түседі
Қазгидромет: 3 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Фото: lada.kz 09.12.2022 22:27 1436

10 желтоқсанда еліміздің 3 өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz Қазгидромет-ке сілтеме жасап.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында баяу бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың шығысында батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Петропавлда күндіз баяу бұрқасын соғуы ықтимал.

Жетісу облысының таулы аймақтарына тұман түседі.

Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында тұман күтіледі. Күндіз тауда бұрқасын болады, таулы аймақтарда солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.

Шымкентте түнде және таңертең тұман күтіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға