Жаңалықтар

Қазгидромет: 27 қаңтарда қар жауып, тұман түседі

Сондай-ақ бұрқасын соғады деп күтілуде
Қазгидромет: 27 қаңтарда қар жауып, тұман түседі
Фото: matritca.kz 27.01.2023 02:40 827

27 қаңтарда қар жауып, бұрқасын соғып, тұман түседі деп болжануда, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жұма күні елдің басым бөлігінде антициклон ықпал етеді деп күтіліп отыр. Салдарынан бірқатар өңірде жауын-шашын жаумайды. Тек солтүстік өңірлерде суық циклон жырасы әсер ететіндіктен, қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Сонымен қатар жел күшейеді, батыста, солтүстік пен оңтүстікте тұман түсуі ықтимал.

Түнде Алматы облысының солтүстігінде және шығысында, Жетісу облысының солтүстінгінде, орталығында, таулы аудандарда 25 градус қатты аяз күтіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға