Жаңалықтар

«Qazdatathon» конкурсына өтінімдер қабылдау басталды

«Qazdatathon» конкурсына өтінімдер қабылдау басталды
Фото: © Pixabay.com 06.11.2023 22:03 361

Ұлттық статистика бюросы бүгіннен бастап «Qazdatathon» конкурсына өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлайды, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Біз байқауға қатысуға әлеуметтік ғылымдар мен деректермен жұмыс істеу саласындағы студенттер мен зерттеушілерді шақырамыз, - делінген мәліметте.

Қатысушылар 2-ден 5 адамға дейін команда құрып, www.datathon.kz сайтында өтініш бере алады.

Өтінімдерді қабылдау 9 қарашаға дейін (қоса алғанда) жалғасады. Одан кейін іріктеуден өткен барлық командаға халықтың өмір сүру сапасы бойынша синтетикалық (жасанды) деректер беріледі.

«Qazdatathon» жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен, соның ішінде ақшалай жүлдемен марапатталады.

Конкурс ережелері мен тіркеу шарттары жайлы толық ақпаратты www.datathon.kz. ресми сайтынан табуға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға