Жаңалықтар

Qazcontent ұжымы Журналистер күнін ерекше атап өтті

Qazcontent ұжымы Журналистер күнін ерекше атап өтті
Фото: baq.kz 28.06.2023 22:00 1080

Qazcontent ұжымы БАҚ қызметкерлерінің күнінде тимбилдинг ұйымдастырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мерекеге орайластырылған іс-шараға ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі арнайы келіп, құттықтау сөзін жеткізді. 

Сонымен қатар бірқатар журналист министрдің қолынан марапат алды.

Qazcontent ұжымы Журналистер күнін ерекше атап өтті

Атап айтсақ, Президенттің Алғыс хатымен BAQ.KZ ақпараттық сайтының аға тілшісі Гүлжан Раманқұлова; Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың Алғыс хатымен EL.KZ сайты бас редакторының орынбасары Рүстем Омаров пен BAQ.KZ редакторы Самал Алманова, Денсаулық сақтау министрлігінің Алғыс хатымен BAQ.KZ тілшісі Мақпал Жұмашева мен мультимедия бөлімінің жетекшісі Нұртай Башенов; Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Алғыс хатымен Жансая Қамбар марапатталды.

Qazcontent ұжымы Журналистер күнін ерекше атап өтті

Qazcontent ұжымы Журналистер күнін ерекше атап өтті

«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен baigenews.kz сайтының бас редакторы Гүлмира Біләлова марапатталды.

Бұдан өзге Qazcontent акционерлік қоғамыынң төрағасының Алғыс хаты мен сыйлықтары бірқатар қызметкерлерге табысталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға