Жаңалықтар

«ҚазАвтоЖол» жолды қысқы күтіп-ұстау жұмыстары туралы айтты

«ҚазАвтоЖол» жолды қысқы күтіп-ұстау жұмыстары туралы айтты
Фото: Видеодан кадр 06.01.2024 21:39 785

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Жамбыл облыстық филиалының басшылығын жауапкершілікке тарту туралы ақпараттың таралуына байланысты түсінік берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінгі күні Жамбыл облысының республикалық маңызы бар автомобиль жолдарымен жүру толықтай қамтамасыз етілген және автокөліктер үшін күрежолдарда қозғалысқа шектеулер енгізілген жоқ.

Жамбыл облысының республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстау желісі 883 шақырымды құрайды. Қысқы кезеңге 96 бірлік қар жинайтын арнайы техника жұмылдырылып, көктайғаққа қарсы материалдардың қажетті қоры дайындалған.

Өздеріңіз мәлім, 2023 жылғы 11-17 желтоқсан аралығында Жамбыл облысының аумағында ауа-райының қалыптан тыс қолайсыздығы (қалың қар, дауылды жел, шектеулі көрініс) нәтижесінде, Жамбыл облысы Әкімінің шешімімен Қордай және Шу аудандарында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Осыған байланысты, автожол учаскелерінде жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеулер 20 рет енгізілді. Ауа-райының күрт нашарлауы салдарынан туындаған күре жолдағы қолайсыздықты жою мақсатында 120-дан астам техника жұмылдырылды, сондай-ақ көрші өңірлерден қосымша техника тартылғанын атап өткен жөн. Автожолдарды тазалау жұмыстары нормативтік мерзімдерге сәйкес жүргізілді, - делінген «ҚазАвтоЖол» ақпаратында.

Қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын уақтылы жүргізбегені үшін филиал қызметкерлері жауапкершілікке тартылуы жөнінде ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға