Жаңалықтар

ҚазАвтоЖол жолаушыларға ескерту жасады

ҚазАвтоЖол жолаушыларға ескерту жасады
Фото: Видеодан кадр 04.02.2024 11:32 405

Ақмолалық жол қызметкерлері жүргізушілерге көмек көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның барлық бөлімшелері республикалық маңызы бар күре жолдарда қауіпсіз және үздіксіз қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында қысқы күтіп-ұстау, жол бойында патрульдеу бойынша 24/7 тәулік бойы жұмыс істеуде. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда жолаушылар мен жүргізушілерге көмек көрсетуде

Құрметті республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар! Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталып тұр. Сондықтан, сапарларыңызды алдын ала жоспарлап, жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз: жол жүрген кезде қашықтықты, жылдамдықты сақтап, басып озу және кенеттен маневр жасамау маңызды екенін есте ұстаған жөн, - делінген ақпаратта.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға