Жаңалықтар

«ҚазАвтоЖол» құны 2,3 млрд теңге болатын келісімшартты тендерсіз жасаған

«ҚазАвтоЖол» құны 2,3 млрд теңге болатын келісімшартты тендерсіз жасаған
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 14.09.2023 11:45 372

Көкшетау көлік прокуратурасы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақмола облыстық филиалында Есіл өзені арқылы өтетін көпірдің апатты түріндегі төтенше жағдайына сілтеме жасай отырып конкурс өткізбестен заңсыз шарт жасасу фактісін анықтаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осы мәміле бойынша 2,3 млрд теңге сомасына «Жақсы-Есіл-Бұзылық» республикалық маңызы бар автожолына күрделі жөндеу жүргізумен қатар жаңа көпір салу жоспарланған.

Дегенмен көпір тез арада шұғыл араласуды қажет етіпбәсекелестік процедураларға кедергі келтіретін басқа күш пен технологиялық бұзушылықтар болғандығы анықталмады.

Шарт шеңберінде Филиал мердігердің шотына 200 млн теңге көлемінде аванс аударылған, алайда қандай да бір жұмыс басталмаған.

Осы жағдайлардың барлығын растағанаудиторлардың 2022 жылғы 13 желтоқсандағы қорытындысымен мердігер келіспей, сотқа шағымданды.

Сот  30 мамырда қарау нәтижесінде ішкі аудиттің қорытындысын (есебін) жарамсыз деп тану туралы талапты қанағаттандырудан бас тартқан.

Сот актісі 2023 жылдың 23 тамызында күшіне енген.

Филиалдың лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін ҚР Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі бойынша бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін жымқырғаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға