Жаңалықтар

Қазақтың ұлттық қолөнер бұйымдары АҚШ-тағы көрмелерге қойылды

Мерекелік іс-шарада қазақтың халық әндері шырқалды
Қазақтың ұлттық қолөнер бұйымдары АҚШ-тағы көрмелерге қойылды
Фото: gov.kz 25.03.2023 16:20 1289

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Айгүл Ақшалова бастаған Жамбыл облысының делегациясы АҚШ-қа барып, ондағы көрмелерде Жамбыл қолөнершілерінің бұйымдарын келушілер назарына ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімдігі мәлімдеді.

Делегация Чикаго қаласында өткен Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысты. Оны Qazaq Community Center Chicago қазақ диаспорасының өкілдері ұйымдастырды.

Сонымен қатар іскер әйелдер Хьюстон, Нью-Йоркк, Майамиде болды.

АҚШ-тағы Наурыз мейрамы ойдағыдай өтті. Қазақ диаспоралары бір-бірімен жақынырақ танысып, жерлестерін қолдап отыруға, одан әрі ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасқаны қуантты. Оларды дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне енген Тараз қаласы туралы ақпараттар қызықтырды. Біздің тарихи шаһар туралы көбірек білгісі келеді. Жамбылдық шеберлердің бұйымдары қазақ диаспорасының ғана емес, Америка штаттарының тұрғындарының да қызығушылығын оятты. Олар өздеріне ұнаған өнімдерді сатып алып жатты. Сондай-ақ Қазақстанның АҚШ-тағы консулдығының өкілдерімен кездесіп, делегациямыздың мақсаты туралы әңгімеледік, – деді Айгүл Ақшалова.

Мерекелік шаралар барысында жамбылдықтар домбыра тартудан шеберлік сабағын өткізіп, халық әндерін шырқады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға