Жаңалықтар

Қазақтың ақбас тұқымымының болашағы талқыланды

Қазақтың ақбас тұқымымының болашағы талқыланды
Фото: gov.kz 14.07.2023 08:27 799

Қазақстанда мал шаруашылығында селекциялық-асыл тұқымдық жұмыстың жаңа цифрлық платформасы құрылатын болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы  қазақ ақбас тұқымы республикалық палатасының жыл сайынғы жиналысында ауыл шаруашылығы министрі хабарлады. Ербол Қарашөкеев бұл геномдық талдауды пайдалана отырып, селекция мен өсімін көбейтудің заманауи әдістерін енгізу, бағалау процестерін автоматтандыру, жануарлардың асыл тұқымдық қасиеттерін бағалау есебінен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс деңгейін жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік беретінін түсіндірді. 

Сондай-ақ АШМ басшысы, қазір министрлік аусылдан азат елдің мәртебесін қалпына келтіруге және мал шаруашылығы өнімдерін өткізудің жаңа нарықтарын ашуға бағытталған шараларды іске асыруға күш салуда. Сонымен қатар, ветеринариялық қызметтің тиімділігін одан әрі арттыру және оны цифрландыру жұмыстары жүргізілуде. Ветеринарияның заңнамалық базасын жетілдіру үшін ұсыныстар дайындалды және олар қазіргі уақытта Парламентте қаралуда.

Министр қазақтың ақбас ірі қара тұқымы өзінің генетикалық қасиеттері бойынша ең жақсы тұқымдардың бірі болып саналатынын, іс жүзінде біздің ұлттық брендке айналғанын, сондықтан тек елде ғана емес, шетелде де үлкен сұранысқа ие екенін атап өтті.  Қатысушылар осы тұқымның асыл тұқымдық қасиеттерін одан әрі жетілдіру жолдарын талқылады, бар мәселелерді шешу бойынша нақты ұсыныстар енгізді.

Ербол Қарашөкеев мемлекеттік қолдау шараларының арқасында мал шаруашылығы саласының экспорттық әлеуеті артып келе жатқанын атап өтті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша еліміз 43,3 мың тонна ет экспорттады, бұл 2021 жылдың көлемнің үштен бірінен жоғары, ал сиыр етінің экспорты 18,3 мың тоннаға жетті, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 2,5 есе көп. Бұл біздің тәуелсіздік жылдарындағы ең жоғары нәтиже және бұл жерде қазақтың ақбас тұқымының ұлкен үлесі бар. 

Соңында министр «Ауыл шаруашылығы үздігі» төсбелгілерімен және қазақ ақбас тұқымы республикалық палатасының құрамына кіретін субъектілердің үздік мамандары мен қызметкерлерін Құрмет грамоталарымен марапаттады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға